Өңірлер

Қарағандыда ер адам эскалаторда тұрған бейтаныс жігітті теуіп жіберді - видео

© PhotoҚарағандыда ер адам эскалаторда тұрған бейтаныс жігітті теуіп жіберді
Қарағандыда ер адам эскалаторда тұрған бейтаныс жігітті теуіп жіберді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қарағандыда ер адам эскалаторда келе жатып, алдында тұрған адамды арқасынан теуіп жіберді. Ол төмен құлап, есінен танып қалған.
Оқиға City Mall сауда үйінде болған.
Полицейлер видеоны зерттеп, 31 жастағы күдіктіні ұстады. Енді құқықбұзушы психоневрологиялық диспансерде емделеді.
"Қарағанды ​​қаласының 25 жастағы тұрғынының денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес ("Бұзақылық") қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция "Патриотқа".
Полицейлер жәбірленушінің қандай жарақат алғанын нақтыламады.
Эскалатор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Оралда эскалаторда сәби анасының қолынан құлап кетті
Жаңалықтар
0