ҰҚШҰ бас хатшысы MILEX-2023 халықаралық көрмесіне қатысады

Sputnik
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов 17-20 мамырда Минск қаласындағы "Минск – арена" көпсалалы мәдени-спорт кешенінде өтетін "MILEX-2023" XI Халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінің ашылу салтанаты мен жұмысына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚШҰ хатшылығына сілтеме жасап.
Бұл шараны Беларусь Республикасының мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитеті мен қорғаныс министрлігі ұйымдастырады, Беларусь Республикасы президенті іс басқармасының "БелЭкспо "ұлттық көрме орталығы" республикалық унитарлық кәсіпорны ұйымдастырмақ.
Сондай-ақ, MILEX-2023 көрмесінің іскерлік бағдарламасы барысында ҰҚШҰ форматындағы іс-шаралар өтетіні хабарланды.
Атап айтқанда, 18 мамырда ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы (ӘЭЫМК) және ҰҚШҰ ӘЭЫМК жанындағы іскерлік кеңестің ұлттық бөлім басшылары мен мүшелерінің көшпелі бірлескен отырысы өтеді.
19 мамырда жарнама-көрме қызметі мәселелері бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.
Бұдан басқа, осы іс-шаралар барысында көрмеге қатысушылар әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіптік (әскери-өнеркәсіптік) кешендерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының кооперациялық байланыстарын нығайтудың, ҰҚШҰ форматындағы жарнама-көрме қызметі саласындағы өзара іс-қимылды жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері әскери-техникалық мәселелер, қорғаныс және қосарлы мақсаттағы технологияларды пайдалану қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі 10-халықаралық ғылыми конференцияға (MILEX.INNOVATIONS`23), сондай-ақ көрменің іскерлік бағдарламасының басқа да іс-шараларына қатысады.
Саясат
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болды