https://sputnik.kz/20230102/imangali-tasmagambetov-uqshu-bas-khatshysy-boldy-30807325.html
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болды
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болды
Sputnik Қазақстан
Ол бұл қызметті 2023 жылдың басынан 2026 жылға дейін атқарады 02.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-02T08:59+0500
2023-01-02T08:59+0500
2023-01-02T08:59+0500
саясат
ұқшұ
иманғали тасмағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/17/29660871_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_0de27805e8eebca699417c9756752033.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына кірісті.2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қатысушылары Иманғали Тасмағамбетовті ұйымның бас хатшысы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.Бұған дейін бұл қызметті Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Станислав Зась атқарған болатын.Бас хатшы – ҰҚШҰ-ның жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасы, хатшылықты басқарады. ҰҚШҰ жарғысына сәйкес, бас хатшы ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің ұсынымымен үш жылға тағайындалады.Қазақстан өкілі халықаралық ұйымды алғаш рет басқарады.Иманғали Тасмағамбетов әр уақытта президенттің көмекшісі, премьер-министр, Атырау облысының, Алматы және Астана қалаларының әкімі қызметін атқарған.Оның соңғы ресми қызметі – 2017-2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшісі. Осыдан кейін ол зейнетке шықты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/17/29660871_0:0:2048:1537_1920x0_80_0_0_46027316182f91a33d54e417c0937f57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болды
Ол бұл қызметті 2023 жылдың басынан 2026 жылға дейін атқарады
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына кірісті.
2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қатысушылары Иманғали Тасмағамбетовті ұйымның бас хатшысы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін бұл қызметті Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Станислав Зась атқарған болатын.
Бас хатшы – ҰҚШҰ-ның жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасы, хатшылықты басқарады. ҰҚШҰ жарғысына сәйкес, бас хатшы ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің ұсынымымен үш жылға тағайындалады.
Қазақстан өкілі халықаралық ұйымды алғаш рет басқарады.
Иманғали Тасмағамбетов әр уақытта президенттің көмекшісі, премьер-министр, Атырау облысының, Алматы және Астана қалаларының әкімі қызметін атқарған.
Оның соңғы ресми қызметі – 2017-2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшісі. Осыдан кейін ол зейнетке шықты.