https://sputnik.kz/20230516/uqshu-bas-khatshysy-milex-2023-khalyqaralyq-kormesine-qatysady-34925479.html
ҰҚШҰ бас хатшысы MILEX-2023 халықаралық көрмесіне қатысады
ҰҚШҰ бас хатшысы MILEX-2023 халықаралық көрмесіне қатысады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов 17-20 мамырда Минск қаласындағы "Минск – арена"... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T10:50+0500
2023-05-16T10:50+0500
2023-05-16T10:54+0500
ұқшұ
иманғали тасмағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e7/05/10/34925303_0:1:1920:1081_1920x0_80_0_0_ea45429aa6f7e74b5953dc34f46a947b.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов 17-20 мамырда Минск қаласындағы "Минск – арена" көпсалалы мәдени-спорт кешенінде өтетін "MILEX-2023" XI Халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінің ашылу салтанаты мен жұмысына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚШҰ хатшылығына сілтеме жасап.Бұл шараны Беларусь Республикасының мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитеті мен қорғаныс министрлігі ұйымдастырады, Беларусь Республикасы президенті іс басқармасының "БелЭкспо "ұлттық көрме орталығы" республикалық унитарлық кәсіпорны ұйымдастырмақ.Сондай-ақ, MILEX-2023 көрмесінің іскерлік бағдарламасы барысында ҰҚШҰ форматындағы іс-шаралар өтетіні хабарланды.Атап айтқанда, 18 мамырда ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы (ӘЭЫМК) және ҰҚШҰ ӘЭЫМК жанындағы іскерлік кеңестің ұлттық бөлім басшылары мен мүшелерінің көшпелі бірлескен отырысы өтеді.19 мамырда жарнама-көрме қызметі мәселелері бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.Бұдан басқа, осы іс-шаралар барысында көрмеге қатысушылар әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіптік (әскери-өнеркәсіптік) кешендерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының кооперациялық байланыстарын нығайтудың, ҰҚШҰ форматындағы жарнама-көрме қызметі саласындағы өзара іс-қимылды жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылайды.Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері әскери-техникалық мәселелер, қорғаныс және қосарлы мақсаттағы технологияларды пайдалану қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі 10-халықаралық ғылыми конференцияға (MILEX.INNOVATIONS`23), сондай-ақ көрменің іскерлік бағдарламасының басқа да іс-шараларына қатысады.
https://sputnik.kz/20230102/imangali-tasmagambetov-uqshu-bas-khatshysy-boldy-30807325.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/10/34925303_240:0:1681:1081_1920x0_80_0_0_660510508eb32e455258139603ef2ec9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов
ҰҚШҰ бас хатшысы MILEX-2023 халықаралық көрмесіне қатысады
10:50 16.05.2023 (жаңартылды: 10:54 16.05.2023) АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов 17-20 мамырда Минск қаласындағы "Минск – арена" көпсалалы мәдени-спорт кешенінде өтетін "MILEX-2023" XI Халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінің ашылу салтанаты мен жұмысына қатысады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ҰҚШҰ хатшылығына сілтеме жасап.
Бұл шараны Беларусь Республикасының мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитеті мен қорғаныс министрлігі ұйымдастырады, Беларусь Республикасы президенті іс басқармасының "БелЭкспо "ұлттық көрме орталығы" республикалық унитарлық кәсіпорны ұйымдастырмақ.
Сондай-ақ, MILEX-2023 көрмесінің іскерлік бағдарламасы барысында ҰҚШҰ форматындағы іс-шаралар өтетіні хабарланды.
Атап айтқанда, 18 мамырда ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы (ӘЭЫМК) және ҰҚШҰ ӘЭЫМК жанындағы іскерлік кеңестің ұлттық бөлім басшылары мен мүшелерінің көшпелі бірлескен отырысы өтеді.
19 мамырда жарнама-көрме қызметі мәселелері бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.
Бұдан басқа, осы іс-шаралар барысында көрмеге қатысушылар әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіптік (әскери-өнеркәсіптік) кешендерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының кооперациялық байланыстарын нығайтудың, ҰҚШҰ форматындағы жарнама-көрме қызметі саласындағы өзара іс-қимылды жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері әскери-техникалық мәселелер, қорғаныс және қосарлы мақсаттағы технологияларды пайдалану қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі 10-халықаралық ғылыми конференцияға (MILEX.INNOVATIONS`23), сондай-ақ көрменің іскерлік бағдарламасының басқа да іс-шараларына қатысады.