Төрт айда министрліктер 55 млрд теңгені игермеген

Sputnik
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бері бюджетті игермеген мемлекеттік органдарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,0%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,6%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 7 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.
"Атқарылмау 72 млрд теңгені құрады, оның ішінде 16 млрд теңге үнемделді. Игерілмегені – 55 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Бюджетті игермеудің негізгі себептері: шарт жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізу; мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзақ өткізілуі; орындалған жұмыстардың актілері мен шот – фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары.
"Жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,3 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 47 млрд теңге", - деді министр.
Айтуынша, биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферт көзделген. 1 мамырдағы жағдай бойынша 473 млрд теңге бөлінді. Оның 97%-і игерілген. Игерілмегені – 14 млрд теңге.
Трансфертті ең көп игермегендер: Астана және Алматы қалалары, Атырау және Түркістан облыстары.
Субсидия алған кейбір пысықайлар бюджет ақшасына шалқып өмір сүрген - Тоқаев