Субсидия алған кейбір пысықайлар бюджет ақшасына шалқып өмір сүрген - Тоқаев

© Sputnik / Болат ШайхиновБайлық
Байлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев субсидияға қолы жетпей жүрген қарапайым шаруалардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, 019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияның тең жартысы тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген.
"Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны. Оның үстіне, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын сақтау және өткізудің заманауи инфрақұрылымын құру жұмысын тездету қажет екенін айтты.
"Көп жағдайда инфрақұрылымның жоқтығы делдалдардың тым көбеюіне және бағаның шарықтауына әкеп соғады. Жыл сайын 8 млн тоннадан астам көкөніс пен картап жиналса, көкөніс сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы небәрі 1,7 миллион тонна ғана. Мұның өзі тым асыра көрсетілген цифр сияқты", - деп күмәнданды президент.
Сондай-ақ ол көкөніс қоймаларының 60%-дан астамы тоңазытқыштармен жабдықталмағанын, 30%-і жиырма жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келе жатқанын айтты. Осының салдарынан өнімнің біразы бүлініп, жарамсыз болып қалып жатыр.
"Үкімет осы проблеманы шешумен жүйелі түрде айналысуға тиіс", - деді ол.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Қазақстанға оңай болмайды – мемлекет басшысы
Жаңалықтар
0