https://sputnik.kz/20230516/tort-ayda-ministrlikter-55-mlrd-tengeni-igermegen-34920122.html
Төрт айда министрліктер 55 млрд теңгені игермеген
Төрт айда министрліктер 55 млрд теңгені игермеген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бері бюджетті игермеген мемлекеттік органдарды атады, деп хабарлайды... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T09:34+0500
2023-05-16T09:34+0500
2023-05-16T09:34+0500
бюджет
министрлік
https://sputnik.kz/img/24/50/245042_0:317:6016:3701_1920x0_80_0_0_d7a6b94a5164731d6f55423710e77382.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бері бюджетті игермеген мемлекеттік органдарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,0%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,6%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 7 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Бюджетті игермеудің негізгі себептері: шарт жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізу; мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзақ өткізілуі; орындалған жұмыстардың актілері мен шот – фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары. "Жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,3 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 47 млрд теңге", - деді министр. Айтуынша, биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферт көзделген. 1 мамырдағы жағдай бойынша 473 млрд теңге бөлінді. Оның 97%-і игерілген. Игерілмегені – 14 млрд теңге. Трансфертті ең көп игермегендер: Астана және Алматы қалалары, Атырау және Түркістан облыстары.
https://sputnik.kz/20230419/toqaev-subsidiya-algan-keybir-pysyqaylar-byudzhet-aqshasy-34074806.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/24/50/245042_331:0:5686:4016_1920x0_80_0_0_985369b650ec9d4075b44ff2f8b6233d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет, министрлік
Төрт айда министрліктер 55 млрд теңгені игермеген
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бері бюджетті игермеген мемлекеттік органдарды атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,0%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,6%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 7 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.
"Атқарылмау 72 млрд теңгені құрады, оның ішінде 16 млрд теңге үнемделді. Игерілмегені – 55 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Бюджетті игермеудің негізгі себептері: шарт жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізу; мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзақ өткізілуі; орындалған жұмыстардың актілері мен шот – фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары.
"Жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,3 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 47 млрд теңге", - деді министр.
Айтуынша, биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферт көзделген. 1 мамырдағы жағдай бойынша 473 млрд теңге бөлінді. Оның 97%-і игерілген. Игерілмегені – 14 млрд теңге.
Трансфертті ең көп игермегендер: Астана және Алматы қалалары, Атырау және Түркістан облыстары.