Диетолог ең зиянды жеміс шырындарын атады

Sputnik
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Диетолог Татьяна Залетова Sputnik радиосына берген сұхбатында жеміс шырынынан жасалған ең зиянды сусындарды атады.
Оның айтуынша, ананас, шабдалы немесе тропикалық жемістердің қоспасы сияқты гликемия индексі жоғары жемістерден жасалған шырындар едәуір қауіпті.
"Жоғары гликемиялық индекс бөлінетін инсулиннің көлемін арттырады, сонымен қатар ашығу сезімін тудырып, басқа тағамдарды көптеп тұтынуға себеп болады, соның салдарынан майлы тіндер артық түзіледі", - деді Залетова.
Маман дұрыс тамақтану қағидаларын ұстанатын адамдар семіздікке әкелетін шырындарды емес, жемістерді қолданғаны дұрыс екенін атап өтті.
Диетолог әсіресе өнеркәсіптік өндірістің балшырындары зиянды екенін ескертті, өйткені олардың құрамына қант қосылған.
Нутрициолог күні бойы сергек жүруге көмектесетін азық-түлікті атады