https://sputnik.kz/20230505/nutritsiolog-kuni-boyy-sergek-zhuruge-komektesetin-azyq-tulikti-atady-34540292.html
Нутрициолог күні бойы сергек жүруге көмектесетін азық-түлікті атады
Нутрициолог күні бойы сергек жүруге көмектесетін азық-түлікті атады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Нутрициолог Марина Мельникова Sputnik радиосына берген сұхбатында күні бойы сергек жүру үшін таңғы асқа не жеген дұрыс екенін айтты. 05.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-05T07:00+0500
2023-05-05T07:00+0500
2023-05-05T07:25+0500
пайдалы кеңес
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25852979_0:107:1281:827_1920x0_80_0_0_6adb7977f265568f3ebc41cdb875b98f.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Нутрициолог Марина Мельникова Sputnik радиосына берген сұхбатында күні бойы сергек жүру үшін таңғы асқа не жеген дұрыс екенін айтты.Оның айтуынша, таңертең жейтін тамақ ағзаға қуат беретін пайдалы "жанармай" секілді болуы керек."Таңғы ас – бұл ағзаға қуат беретін отын. Ең пайдалы таңғы тағам – ботқа, ол қарақұмық, сұлы жармасы, арпа, тары ботқасы болуы мүмкін. Ботқаның құрамында асқазанды тез қанықтыратын және ұзақ уақыт аштықты тудырмайтын баяу көмірсулардың мөлшері көп", - деді дұрыс тамақтану жөніндегі маман.Ол жұмыртқаның да пайдасы көп екенін айтады. Жұмыртқа ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет минералдарға, витаминдерге және ақуыздарға толы."Бір-екі қайнатылған жұмыртқа сізге түскі уақытқа дейін жететін қуат береді. Ал егер оған көкөністерді қоссаңыз, мінсіз таңғы ас пайда болады", - дейді сарапшы.Ол сондай-ақ ағзаны қоректік заттармен, D дәруменімен, калий және кальциймен қамтамасыз ететін сүт өнімдеріне назар аударды. Апельсин шырыны мен қара шоколад та таңертең сергектік сезімін қалыптастыруға көмектеседі."Цитрус жемістері – әрқашан ұйқысырап жүретіндер үшін таптырмас жеміс. Апельсин шырынының құрамында ағзаны қуатпен толтыратын С дәрумені көп. Дегенмен мұндай сусынды аш қарынға ішуге болмайды", - деп ескертті нутрициолог.Шоколад құрамында тағамдық талшық пен магнийге бай какао бұршағының мөлшері кем дегенде 55% құрайды."Бұл элемент күйзеліспен күресу үшін қажетті серотониннің, эндорфин мен бақыт гормонының бөлінуіне ықпал етеді. Бір-екі бөлік қара шоколад ұйқыны ашып, бірнеше сағат бойы сергек жүру үшін жеткілікті", - дейді Мельникова.
https://sputnik.kz/20230403/dietolog-qant-dengeyin-qalypqa-keltiretin-tort-tagamdy-atady-33276616.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25852979_0:0:1113:835_1920x0_80_0_0_356f014c126d4f9e1fa1a38eb7c2dc0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пайдалы кеңес
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Нутрициолог Марина Мельникова Sputnik радиосына берген сұхбатында күні бойы сергек жүру үшін таңғы асқа не жеген дұрыс екенін айтты.
Оның айтуынша, таңертең жейтін тамақ ағзаға қуат беретін пайдалы "жанармай" секілді болуы керек.
"Таңғы ас – бұл ағзаға қуат беретін отын. Ең пайдалы таңғы тағам – ботқа, ол қарақұмық, сұлы жармасы, арпа, тары ботқасы болуы мүмкін. Ботқаның құрамында асқазанды тез қанықтыратын және ұзақ уақыт аштықты тудырмайтын баяу көмірсулардың мөлшері көп", - деді дұрыс тамақтану жөніндегі маман.
Ол жұмыртқаның да пайдасы көп екенін айтады. Жұмыртқа ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет минералдарға, витаминдерге және ақуыздарға толы.
"Бір-екі қайнатылған жұмыртқа сізге түскі уақытқа дейін жететін қуат береді. Ал егер оған көкөністерді қоссаңыз, мінсіз таңғы ас пайда болады", - дейді сарапшы.
Ол сондай-ақ ағзаны қоректік заттармен, D дәруменімен, калий және кальциймен қамтамасыз ететін сүт өнімдеріне назар аударды. Апельсин шырыны мен қара шоколад та таңертең сергектік сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
"Цитрус жемістері – әрқашан ұйқысырап жүретіндер үшін таптырмас жеміс. Апельсин шырынының құрамында ағзаны қуатпен толтыратын С дәрумені көп. Дегенмен мұндай сусынды аш қарынға ішуге болмайды", - деп ескертті нутрициолог.
Шоколад құрамында тағамдық талшық пен магнийге бай какао бұршағының мөлшері кем дегенде 55% құрайды.
"Бұл элемент күйзеліспен күресу үшін қажетті серотониннің, эндорфин мен бақыт гормонының бөлінуіне ықпал етеді. Бір-екі бөлік қара шоколад ұйқыны ашып, бірнеше сағат бойы сергек жүру үшін жеткілікті", - дейді Мельникова.