АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Синоптиктер алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонның ықпалында болып, соның әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді және бұршақ жаууы мүмкін.
11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Ел аумағында ауа температурасы төмендейді. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз температура солтүстік-батыста және солтүстікте 5-15 градус жылы болады.