Күн суытады: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Photo : Pixabay / ID 955169Капля дождя падает с зонта
Капля дождя падает с зонта - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Жазылу
Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Синоптиктер алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонның ықпалында болып, соның әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді және бұршақ жаууы мүмкін.
11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Ел аумағында ауа температурасы төмендейді. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз температура солтүстік-батыста және солтүстікте 5-15 градус жылы болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2022
Денсаулық
Жазда бастан күн өтпеу үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі
Жаңалықтар
0