https://sputnik.kz/20220709/bastan-kun-otpeu-ushin-ne-isteu-kerek-26026382.html
Жазда бастан күн өтпеу үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі
Жазда бастан күн өтпеу үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі
Sputnik Қазақстан
Күннің астында немесе ауасы тарылған бөлмеде 20 минут болу күн өтуге әкеп соғуы мүмкін
2022-07-09T12:19+0500
2022-07-09T12:19+0500
2022-07-09T12:19+0500
денсаулық
күн өту
https://sputnik.kz/img/07e5/06/08/17278899_0:174:3023:1874_1920x0_80_0_0_a9a357b5ac57b36d9495cc7df007d9c3.jpg
РИА Новости агенттігіне сұхбат берген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі бас штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников жазда аптап ыстықтан қалай қорғануға болатынын айтып берді.Ол ыстықта тікелей күн сәулесінің астында 15-20 минуттан артық болу қауіпті екенін, себебі аптап ыстықта температура 40-50 градусқа жетуі мүмкін екенін ескертті.Дегенмен, сарапшының айтуынша, адам ашық күн астында болмаса да күн өтуі мүмкін. Ауасы тарылған бөлмеде болған кезде қауіп артады. Бұл ыстық ауа райында желдетілмейтін немесе салқындатылмайтын тұрғын үй бөлмесі немесе жылу шығаратын жабдықтар бар өндірістік бөлме болуы ықтимал."Дене температурасы 40 градустан жоғары көтерілген жағдайда ыстық өту қаупі пайда болады. Мұндай температурада мидың, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысында күрделі өзгерістер басталады, өмірлік маңызды функциялар айтарлықтай нашарлайды. Уақытылы көмек көрсетілмесе, адамның жағдайы қатты нашарлауы мүмкін. Көптеген адамда әртүрлі созылмалы аурулар, иммунитеттің төмендеуі, артық салмақ, кәрілік салдарынан денедегі жылу реттеу механизмі толығымен әлсірейді. Бұл механизмнің бәсеңдеуі жас балаларда да кездеседі.Сондықтан дене температурасының көтерілуіне аса сақтықпен қарау керек", - деді Андрей Тяжельников.Ол аптап ыстықта ауыр физикалық жұмыспен қатар, су ішу режимін сақтамау да ыстық өтуге әкелетінін атап өтті.Тығыз және синтетикалық киім денені желдетуді қиындатады. Синтетикалық маталардың бұл қасиеті термос әсерін тудырады да, дененің қызып кетуіне ықпал етеді.Маман ыстықта бас киім киіп жүруге кеңес берді, себебі ол басты қызып кетуден сақтайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/08/17278899_147:0:2876:2047_1920x0_80_0_0_b3607456e3395ad8c651f08bb2dda7bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаз бастан күн өту дәрігер кеңес тепловой удар
жаз бастан күн өту дәрігер кеңес тепловой удар
Жазда бастан күн өтпеу үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі
Күннің астында немесе ауасы тарылған бөлмеде 20 минут болу күн өтуге әкеп соғуы мүмкін
РИА Новости агенттігіне сұхбат берген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі бас штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников жазда аптап ыстықтан қалай қорғануға болатынын айтып берді.
Ол ыстықта тікелей күн сәулесінің астында 15-20 минуттан артық болу қауіпті екенін, себебі аптап ыстықта температура 40-50 градусқа жетуі мүмкін екенін ескертті.
Дегенмен, сарапшының айтуынша, адам ашық күн астында болмаса да күн өтуі мүмкін. Ауасы тарылған бөлмеде болған кезде қауіп артады. Бұл ыстық ауа райында желдетілмейтін немесе салқындатылмайтын тұрғын үй бөлмесі немесе жылу шығаратын жабдықтар бар өндірістік бөлме болуы ықтимал.
"Дене температурасы 40 градустан жоғары көтерілген жағдайда ыстық өту қаупі пайда болады. Мұндай температурада мидың, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысында күрделі өзгерістер басталады, өмірлік маңызды функциялар айтарлықтай нашарлайды. Уақытылы көмек көрсетілмесе, адамның жағдайы қатты нашарлауы мүмкін. Көптеген адамда әртүрлі созылмалы аурулар, иммунитеттің төмендеуі, артық салмақ, кәрілік салдарынан денедегі жылу реттеу механизмі толығымен әлсірейді. Бұл механизмнің бәсеңдеуі жас балаларда да кездеседі.Сондықтан дене температурасының көтерілуіне аса сақтықпен қарау керек", - деді Андрей Тяжельников.
Ол аптап ыстықта ауыр физикалық жұмыспен қатар, су ішу режимін сақтамау да ыстық өтуге әкелетінін атап өтті.
Тығыз және синтетикалық киім денені желдетуді қиындатады. Синтетикалық маталардың бұл қасиеті термос әсерін тудырады да, дененің қызып кетуіне ықпал етеді.
Маман ыстықта бас киім киіп жүруге кеңес берді, себебі ол басты қызып кетуден сақтайды.