Өңірлер

Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы салынады

Мегаполиске тағы 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді
Sputnik
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев азаматтық қорғаныс нысандарын аралап, өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.
Әкімдіктің ақпаратынша, қазір қалада 19 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Нормаға сәйкес, өрт сөндіру депосына қызмет көрсету радиусы 3 шақырымнан аспауға тиіс. Қаланың өсуін, көлік жүктемесі мен халық санының көбеюіне байланысты тағы 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді.
Ал құрылысы жүріп жатқан өрт депосы Бостандық ауданының "Нұр-Алатау" шағын ауданында орналасқан.
"Депо "Қазақфильм", "Алатау", "Нұр-Алатау", "Ерменсай", "Көкшоқы" сынды бес шағын ауданның тұрғындарын өрттен қорғаумен қамтамасыз етеді. Пайдалануға берілген соң ол құтқарушылардың өрт орнына келу уақытын қысқартады", - дейді әкімдіктегілер.
Досаев құрылысты жеделдетіп, осы жылдың желтоқсан айында нысанды пайдалануға беруді тапсырды.
Сондай-ақ алдағы жылдары Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарында тағы үш өрт сөндіру депосын салу жоспарланған.
Бұған қоса қала әкімі құтқарушылар үшін арнайы техника сатып алуға қаражат бөлуді, Алматының қорғаныс құрылыстарын мемлекетке қайтаруды қарастыруды тапсырды.
Наурыз айында өрт сөндірушілер басқа жалақы алады