https://sputnik.kz/20230124/nauryz-ayynda-ort-sondirushiler-basqa-zhalaqy-alady-31394712.html
Наурыз айында өрт сөндірушілер басқа жалақы алады
Наурыз айында өрт сөндірушілер басқа жалақы алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Өрт сөндірушілерге ресми түрде 1 қаңтардан бастап өскен жалақы тек наурыз айынан бастап төленеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар... 24.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-24T12:22+0500
2023-01-24T12:22+0500
2023-01-24T12:22+0500
өрт сөндірушілер
наурыз
ай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25584722_0:147:769:579_1920x0_80_0_0_1d8aa6833a5d5f8cba13c8eef66fb218.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Өрт сөндірушілерге ресми түрде 1 қаңтардан бастап өскен жалақы тек наурыз айынан бастап төленеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы көтерілген болатын. Алайда төтенше жағдайлар қызметкерлері жаңа айлықты тек наурыз айынан бастап алады. Айтуынша, қазір барлық мемлекеттік органмен жалақыны көтеру мәселесі пысықталды. Жақын арада республикалық бюджеттік комиссияға қаржыландыруды бөлу туралы шешім енгізіледі. Осы орайда журналистер өрт сөндірушілердің қазіргі жалақысы қанша екенін және көктемде қаншаға өсетінін сұрады. "Әртүрлі санаттарға байланысты, бірақ төменгі буындағы қызметкерлер 110 мың теңгедей алады. Біздің есептеулеріміз бойынша, олардікі 180 мың теңгеге дейін көтеріледі", - деді министр. Бұл ретте Юрий Ильин министр, оның орынбасарлары мен комитет төрағаларының айлығы өспейтінін атап өтті. Ал өрт сөндіру қызметі мен департаменттердің басшылық құрамының жалақысы тек 20 процентке дейін ғана ұлғаяды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25584722_0:75:769:651_1920x0_80_0_0_6006cc770eb138a5f75024af056dd173.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт сөндірушілер, наурыз, ай
өрт сөндірушілер, наурыз, ай
Наурыз айында өрт сөндірушілер басқа жалақы алады
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Өрт сөндірушілерге ресми түрде 1 қаңтардан бастап өскен жалақы тек наурыз айынан бастап төленеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы көтерілген болатын. Алайда төтенше жағдайлар қызметкерлері жаңа айлықты тек наурыз айынан бастап алады.
"Қаңтар мен ақпанда біздің қызметкерлерге бұрынғы жалақы төленеді. Бірақ наурыз айында бюджетке ақша түсуіне қарай алғашқы есептеулер жүргізіледі", - деді Ильин үкімет кулуарында.
Айтуынша, қазір барлық мемлекеттік органмен жалақыны көтеру мәселесі пысықталды. Жақын арада республикалық бюджеттік комиссияға қаржыландыруды бөлу туралы шешім енгізіледі.
Осы орайда журналистер өрт сөндірушілердің қазіргі жалақысы қанша екенін және көктемде қаншаға өсетінін сұрады.
"Әртүрлі санаттарға байланысты, бірақ төменгі буындағы қызметкерлер 110 мың теңгедей алады. Біздің есептеулеріміз бойынша, олардікі 180 мың теңгеге дейін көтеріледі", - деді министр.
Бұл ретте Юрий Ильин министр, оның орынбасарлары мен комитет төрағаларының айлығы өспейтінін атап өтті. Ал өрт сөндіру қызметі мен департаменттердің басшылық құрамының жалақысы тек 20 процентке дейін ғана ұлғаяды.