https://sputnik.kz/20230502/almaty-ort-sondiru-deposy-34469500.html
Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы салынады
Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы салынады
Sputnik Қазақстан
Мегаполиске тағы 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді 02.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-02T14:39+0500
2023-05-02T14:39+0500
2023-05-02T14:39+0500
өңірлер
өрт сөндіру
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0c/16270494_0:0:1603:901_1920x0_80_0_0_8041207c1b9b57d221196b97b6c7dd05.jpg
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев азаматтық қорғаныс нысандарын аралап, өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.Әкімдіктің ақпаратынша, қазір қалада 19 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Нормаға сәйкес, өрт сөндіру депосына қызмет көрсету радиусы 3 шақырымнан аспауға тиіс. Қаланың өсуін, көлік жүктемесі мен халық санының көбеюіне байланысты тағы 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді.Ал құрылысы жүріп жатқан өрт депосы Бостандық ауданының "Нұр-Алатау" шағын ауданында орналасқан.Досаев құрылысты жеделдетіп, осы жылдың желтоқсан айында нысанды пайдалануға беруді тапсырды.Сондай-ақ алдағы жылдары Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарында тағы үш өрт сөндіру депосын салу жоспарланған.Бұған қоса қала әкімі құтқарушылар үшін арнайы техника сатып алуға қаражат бөлуді, Алматының қорғаныс құрылыстарын мемлекетке қайтаруды қарастыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20230124/nauryz-ayynda-ort-sondirushiler-basqa-zhalaqy-alady-31394712.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0c/16270494_0:0:1381:1036_1920x0_80_0_0_4eb5759e5581561605f2e6d37c22798e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы өрт сөндірушілер депо
алматы өрт сөндірушілер депо
Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы салынады
Мегаполиске тағы 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев азаматтық қорғаныс нысандарын аралап, өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.
Әкімдіктің ақпаратынша, қазір қалада 19 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Нормаға сәйкес, өрт сөндіру депосына қызмет көрсету радиусы 3 шақырымнан аспауға тиіс. Қаланың өсуін, көлік жүктемесі мен халық санының көбеюіне байланысты тағы 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді.
Ал құрылысы жүріп жатқан өрт депосы Бостандық ауданының "Нұр-Алатау" шағын ауданында орналасқан.
"Депо "Қазақфильм", "Алатау", "Нұр-Алатау", "Ерменсай", "Көкшоқы" сынды бес шағын ауданның тұрғындарын өрттен қорғаумен қамтамасыз етеді. Пайдалануға берілген соң ол құтқарушылардың өрт орнына келу уақытын қысқартады", - дейді әкімдіктегілер.
Досаев құрылысты жеделдетіп, осы жылдың желтоқсан айында нысанды пайдалануға беруді тапсырды.
Сондай-ақ алдағы жылдары Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарында тағы үш өрт сөндіру депосын салу жоспарланған.
Бұған қоса қала әкімі құтқарушылар үшін арнайы техника сатып алуға қаражат бөлуді, Алматының қорғаныс құрылыстарын мемлекетке қайтаруды қарастыруды тапсырды.