Экономика

Жемқорлық салдарынан былтыр мемлекетке 119,3 млрд теңге залал келтірілді

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда былтыр 1118 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды. Бұл туралы қаржы министрлігінде өткен жиында ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов айтты.
Мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу және заңсыз алынған кірістерді өтеу кезінде сыбайлас жемқорлық орын алған.

"Былтыр 1588 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, оның 1118-і сыбайлас жемқорлық. Белгіленген залал сомасы 119,3 миллиард теңгені құрады. Қазіргі уақытта 108,5 миллиард теңгесі өтелді", - деді ұлттық экономика вице-министрі.

Сондай-ақ коммуналдық қызмет саласында барлық анықталған заңбұзушылық бойынша мемлекетке жалпы сомасы 7,46 миллион теңге әкімшілік айыппұл қайтарылды.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұлттық экономика министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ заңсыз алынған кірістерді өтеу мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Бұл мәселе үкіметтің тұрақты бақылауында болмақ.
Дерекқор
Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?