Дерекқор

Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жемқорлық жасағаны үшін сотталып, мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жоғары лауазымды басшылар туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

Ержан Өтембаев

Ол – Қазақстан парламентінің сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі. Ержан Өтембаев 2006 жылы 20 жылға сотталған болатын. Сот оны саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге тапсырыс беруші деп таныды. Алайда 2013 жылдың желтоқсанында Бас прокуратура саясаткерді өлтіру туралы тапсырысты орындаған Рустам Ибрагимовтың нағыз тапсырыс берушілердің кім екенін айтқанын мәлімдеді.

2014 жылдың қаңтарында бұл қылмыстық іс бойынша сот қайта басталды. Нәтижесінде Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 59 жастағы Ержан Өтембаевтың жазасын 20 жылдан 13 жылға қысқарту туралы үкім шығарды. Осылайша, ол мерзімінен бұрын босатылуға өтініш беруге мүмкіндік алды. Кейін оның өтініші қанағаттандырылды.

Бұрынғы сенат аппаратының жетекшісі 4 жыл 2 ай 29 күнге ерте мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Ал 2018 жылдың 24 маусымында 62 жастағы Ержан Өтембаев қайтыс болды.

© Мирас НУРМУХАНБЕТОВЕржан Өтембаев
Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер? - Sputnik Қазақстан
Ержан Өтембаев

Жақсыбек Күлекеев

Ол 30 жылға жуық мемлекеттік қызмет атқарды. Түрлі жылдары экономика және сауда министрі, білім және ғылым министрі, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті қызметтерін атқарды. 2008 жылдың 1-сәуірінде басшы 100 мың доллар пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Ал 2008 жылдың 13-қарашасында Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Жақсыбек Күлекеевке "қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін" 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Тағы оқыңыз: Жемқорлардың аты-жөні жұртқа жария етілді – видео 

Сот процесі барысында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы 100 мың доллар пара алды деген айып дәлелденген жоқ.

Жақсыбек Күлекеев жазасын толық өтеместен 2009 жылы күзінде шартты түрде бостандыққа шықты. 2010 жылдың қаңтарында "Қазақ мұнай және газ институты" компаниясының корпорациялық даму жөніндегі басқарушы директоры қызметіне тағайындалды.

© Максим МАСЛОВЖақсылық Досқалиев
Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер? - Sputnik Қазақстан
Жақсылық Досқалиев

Жақсылық Досқалиев

Танымал хирург 2001-2004 және 2008-2010 жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болды. 2010 жылдың қыркүйегінде басшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған қызметтік бабын асыра пайдаланды, ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды. Сол жылдың 5 тамызында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот бұрынғы министрді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

2012 жылдың қаңтарында президент үкімімен Досқалиевтің жазасын өтеу мерзімі 7 жылдан 2 жылға қысқарды.

2012 жылдың 29 қарашасында Астана қаласының соты Досқалиевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату шешімін шығарды. 2012 жылдың 16 наурызында Жақсылық Досқалиев бостандыққа шықты. Қазіргі таңда танымал хирург республикалық трансплантация орталығында жұмыс істейді.

Серік Баймағанбетов

2009-2011 жылдары Қазақстанның Ішкі істер министрі, 2011-2012 жылдары кедендік бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2013 жылы бұрынғы министрге қатысты тергеу басталды. Оған ірі көлемде пара алды, қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылды. 2013 жылдың 8 қаңтарында сотта оның кінәсі дәлелденді. Судья экс-министрдің мүлкін тәркілеп, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті үкімімен Серік Баймағанбетов жазасын 5 жыл ғана өтейтін болды.

2015 жылдың 19 ақпанында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы сотының үкімімен экс-министр шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

© ИА Новости-Казахстан, Асем МиржекееваБауыржан Әбдішев
Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер? - Sputnik Қазақстан
Бауыржан Әбдішев

Бауыржан Әбдішев

2013 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды облысы әкімі қызметіне тағайындалды. Алайда 2014 жылдың маусым айында облыс әкімі лауазымынан босатылды. Сол жылдың 23 қыркүйегінде экс-басшы өз үйінде ұсталып, Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған "Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды" және "кәсіпкерлік қызметпен заңсыз араласты" деген айып тағылды. Соттың үкімімен ол 5 жылға сотталды. Уақыт өте іс қайта қаралып, жазасын өтеу мерзімі 3 жылға қысқарды.

Кейін Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты бұрынғы өңір басшысын мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарды. Ол түрмеде 1 жыл 7 ай 25 күн отырды.

Серік Ахметов

2009-2012 жылдары Қарағанды облысының әкімі, 2012-2014 жылдары ҚР премьер-министрі, 2014 жылдың 22-қазанынан – 2 сәуіріне ҚР қорғаныс министрі болды. Сол жылы қызметінен кеткеннен соң, қараша айында ұсталды.

Бұрынғы министрге мүлікті талан-таражға салды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Тағы оқыңыз: Серік Ахметов бостандыққа шыққан соң не деді?

Бұл іс бойынша 100-ден аса адам тергелді, тергеу 4 айға созылды. Бұрынғы үкімет басшысы кінәсін ішінара мойындап, соттағы соңғы сөзінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімін ақтай алмағын үшін одан кешірім сұрады. Сот процесіне 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат қатысты. Қылмыстық іс 338 томнан тұрды.

2015 жылдың желтоқсанында Қарағанды облыстық соты Серік Ахметовті 10 жылға бас бостандығынан айырды, әрі мүлкін тәркілеп, 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салды.

Апелляциялық отырыста басшының мемлекетке келтірілді деген 2,5 миллиард теңге шығынды өтегендіктен, мерзімі 8 жылға дейін қысқарды.

© Sputnik / Асем МиржекееваСерік Ахметов
Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер? - Sputnik Қазақстан
Серік Ахметов

Ол 2 жыл жазасын Қарағанды облысындағы Қарабас ауылында АК159/18 колониясында өтеді. Мемлекетке келген шығынды қайтаруына және рақымшылыққа ілігуіне байланысты жазасының 3,5 жылы қысқарып, қалған 4 жылы бостандығын шектеу жазасына ауысты. Экс-премьер 2017 жылдың 21 қыркүйегінде түрмеден босап шықты. Ол жазасының қалған бөлігін Қарағандыдағы үйінде өтейтін болды. Заң бойынша ол 4 жылдай қаладан шықпауы тиіс.

Қуандық Бишімбаев

2016 жылдың 6 мамырдан – 28 желтоқсанға дейін Қазақстанның ұлттық экономика министрі болған.

2016 жылы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. 2017 жылдың қаңтар айында ол пара алды деген күдікпен ұсталды. 13 қаңтарда тұтқындалды. Оған бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды, бюджет қаражатын жымқырғаны деген айып тағылды.

Тағы оқыңыз: Экс-министр Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

2018 жылы наурыз айында Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот төрт айдан астам уақытқа созылды. Бишімбаевпен бірге тағы 22 адамның ісі қаралды.

Экс-министр сотта сөйлеген соңғы сөзінде Елбасыдан сенімін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрап, өзіне тағылған айыптарды мойындамаған болатын.

© Sputnik / Болат ШайхиновҚуандық Бишімбаев
Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер? - Sputnik Қазақстан
Қуандық Бишімбаев

Соттың үкімімен экс-министр мемлекеттік қызметте жетекшілік ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Алайда 2019 жылдың 11 қазанында Қуандық Бишімбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Шымкент қаласының Абай аудандық соты растады.

Жаңалықтар
0