https://sputnik.kz/20230428/zhemqorlyq-saldarynan-memleketke-1193-mlrd-tenge-zalal-keltirildi-34403128.html
Жемқорлық салдарынан былтыр мемлекетке 119,3 млрд теңге залал келтірілді
Жемқорлық салдарынан былтыр мемлекетке 119,3 млрд теңге залал келтірілді
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда былтыр 1118 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды. Бұл туралы қаржы министрлігінде өткен жиында ұлттық экономика... 28.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-28T22:57+0600
2023-04-28T22:57+0600
2023-04-28T22:57+0600
экономика
жемқорлық
мемлекет
теңге
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_950fccfc4ae250595f5bd4def745d7a4.jpg
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда былтыр 1118 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды. Бұл туралы қаржы министрлігінде өткен жиында ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов айтты. Мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу және заңсыз алынған кірістерді өтеу кезінде сыбайлас жемқорлық орын алған. Сондай-ақ коммуналдық қызмет саласында барлық анықталған заңбұзушылық бойынша мемлекетке жалпы сомасы 7,46 миллион теңге әкімшілік айыппұл қайтарылды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұлттық экономика министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ заңсыз алынған кірістерді өтеу мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Бұл мәселе үкіметтің тұрақты бақылауында болмақ.
https://sputnik.kz/20191013/merziminen-buryn-bostandyqqa-shyqty-11759476.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_331f758d08154509f1a70a3347c3ac04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
жемқорлық, мемлекет, теңге
жемқорлық, мемлекет, теңге
Жемқорлық салдарынан былтыр мемлекетке 119,3 млрд теңге залал келтірілді
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда былтыр 1118 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды. Бұл туралы қаржы министрлігінде өткен жиында ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов айтты.
Мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу және заңсыз алынған кірістерді өтеу кезінде сыбайлас жемқорлық орын алған.
"Былтыр 1588 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, оның 1118-і сыбайлас жемқорлық. Белгіленген залал сомасы 119,3 миллиард теңгені құрады. Қазіргі уақытта 108,5 миллиард теңгесі өтелді", - деді ұлттық экономика вице-министрі.
Сондай-ақ коммуналдық қызмет саласында барлық анықталған заңбұзушылық бойынша мемлекетке жалпы сомасы 7,46 миллион теңге әкімшілік айыппұл қайтарылды.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұлттық экономика министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ заңсыз алынған кірістерді өтеу мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Бұл мәселе үкіметтің тұрақты бақылауында болмақ.