АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның үш азаматы қақтығыс болып жатқан Суданнан эвакуацияланды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Суданда үш қазақстандық болған.
"Қазір олар қауіпсіз жерде. Судан елінен кетті. Бір азаматымыз БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген. Қазір Эфиопия астанасы Аддис-Абебада. Ал екіншісі жапониялық компанияда қызмет еткен. Жапон дипломаттарының көмегімен ол да елден эвакуацияланды", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Еске салсақ, Суданда 15 сәуірден бері тұрақты армия мен "спецназ" қақтығысып жатыр.
Елдегі жағдайға байланысты Суданның әуе кеңістігі 30 сәуірге дейін жабылды.
Al Jazeera ақпаратынша, қақтығыс салдарынан 400-ден аса адам көз жұмып, 3,5 мыңнан астамы жараланған.