https://sputnik.kz/20230424/sudannan-ush-qazaqstandyq-evakuatsiyalandy-sim-34247756.html
Суданнан үш қазақстандық эвакуацияланды – СІМ
Суданнан үш қазақстандық эвакуацияланды – СІМ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның үш азаматы қақтығыс болып жатқан Суданнан эвакуацияланды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек... 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T16:07+0500
2023-04-24T16:07+0500
2023-04-24T16:09+0500
қазақстандықтар
эвакуация
сім
https://sputnik.kz/img/343/09/3430902_0:73:2016:1207_1920x0_80_0_0_1a0f5e6e2177ca514b30fb9eff64c382.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның үш азаматы қақтығыс болып жатқан Суданнан эвакуацияланды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, Суданда үш қазақстандық болған. Еске салсақ, Суданда 15 сәуірден бері тұрақты армия мен "спецназ" қақтығысып жатыр. Елдегі жағдайға байланысты Суданның әуе кеңістігі 30 сәуірге дейін жабылды. Al Jazeera ақпаратынша, қақтығыс салдарынан 400-ден аса адам көз жұмып, 3,5 мыңнан астамы жараланған.
https://sputnik.kz/20230414/uqk-buryngy-qazaqstandyq-sodyr-qyz-el-qaytardy-video-33925836.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/343/09/3430902_156:0:1861:1279_1920x0_80_0_0_96ff278740185021306c92036b3154b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандықтар, эвакуация, сім
қазақстандықтар, эвакуация, сім
Суданнан үш қазақстандық эвакуацияланды – СІМ
16:07 24.04.2023 (жаңартылды: 16:09 24.04.2023) АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның үш азаматы қақтығыс болып жатқан Суданнан эвакуацияланды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Суданда үш қазақстандық болған.
"Қазір олар қауіпсіз жерде. Судан елінен кетті. Бір азаматымыз БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген. Қазір Эфиопия астанасы Аддис-Абебада. Ал екіншісі жапониялық компанияда қызмет еткен. Жапон дипломаттарының көмегімен ол да елден эвакуацияланды", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Еске салсақ, Суданда 15 сәуірден бері тұрақты армия мен "спецназ" қақтығысып жатыр.
Елдегі жағдайға байланысты Суданның әуе кеңістігі 30 сәуірге дейін жабылды.
Al Jazeera ақпаратынша, қақтығыс салдарынан 400-ден аса адам көз жұмып, 3,5 мыңнан астамы жараланған.