https://sputnik.kz/20230414/uqk-buryngy-qazaqstandyq-sodyr-qyz-el-qaytardy-video-33925836.html
Сирияда ата-анасыз жүрген: ҰҚК бұрынғы содырдың 7 жасар қызын елге қайтарды – видео
Сирияда ата-анасыз жүрген: ҰҚК бұрынғы содырдың 7 жасар қызын елге қайтарды – видео
Sputnik Қазақстан
Қыздың анасы Сирияда жарылыстан көз жұмған, ал әкесі екінші әйелімен бірге Қазақстанға қашып шыққан 14.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-14T12:26+0500
2023-04-14T12:26+0500
2023-08-09T09:35+0500
қоғам
сирия
қыз
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0e/33922990_0:0:3416:1923_1920x0_80_0_0_dc49d207919133809a7ff05cb375f383.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 наурызда Сириядан бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын қайтарды.Бүлдіршінді елге қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақытқа созылған.ҰҚК Сириядан баланы қайтару туралы "Қош келдің, Люлю!" атты деректі фильмді жариялады.Люлю Сирияда соғыс өрті өршіп түрған уақытта дүниеге келген. Әкесі ДАИШ-тың қатарына өз еркімен қосылған. Люлю бір жасқа толғанда анасы жарылыстан көз жұмады. Ал қыздың әкесі екінші рет үйленіп, 2019 жылы жаңа отбасымен Қазақстанға қашып шығады. Ал кішкентай қыз Сирия аумағында қалып қойған."Біз Түркия мен Сирияның шекарасынан ресми түрде өте алмадық. Өйткені соғыс болып жатқан жер ғой, ресми түрде өткізуге мүмкіндік жоқ. Ол жерде де қазақ сақшылары болды, "проводник" дейді ғой. Ақшасын берсең, өткізіп жібереді. Проводник маған екі топқа бөліну керек деді. Бізбен бірге әйелімнің ағасының жұбайы да (есімі – Гүлназ) болған. Ағасы қайтыс болды. Террористік топтардың қолына түсіп қалмау үшін екіге бөліндік. Маған әйеліңмен бірінші болып өтесің деді, ал бала-шағам әйелімнің ағасының отбасымен бірге екінші кезекпен өтуге тиіс болған", - деп мән-жайды баяндады қазір Қазақстанда жазасын өтеп жатқан Люлюдің әкесі.Қазақстандық әйелімен бірге шекарадан бірінші кезекпен өтіп кеткен. Алайда олардың шекарадан өткенін террористік топтар біліп қалып, жолды жауып тастаған. Сөйтіп кішкентай Люлю жеңгесімен бірге Сирияда қалып қояды. Жарты жылдан кейін ақшасы таусылған Гүлназ Люлюді Сириядағы бір әйелге тастап, өзі амалын тауып, Қазақстанға қашып кетеді.Сириядағы лагерьлердің бірінде жетім қалған Люлюді гуманитарлық дипломатия бөлімінде істейтін ІНН өкілі Мехмет Өзкартал құтқарған.Ол қызбен Сириядағы қақтығыс аймағында танысқан.2022 жылы күзде Қазақстан ҰҚК-ның жедел қызметкері Анкара қаласында Адам құқықтарын қорғау ұйымының өкілдерімен кездеседі. Ресми кездесу барысында ұйым өкілдері Сириядағы лагерьлерде террористік топтардың құрамында болған содырлардың әйелдері мен балалары тұратынын екенін айтқан."Осыған байланысты біз түрік әріптестерімізбен бірлесіп, қыздың шашынан, ауыз қуысынан ДНҚ үлгісін алдық. Сараптама нәтижесінде Люлю біздің елде жазасын өтеп жатқан қазақстандық азаматтың қызы екені нақтыланды. Осыдан кейін елшіліктегі консулдық бөлімі арқылы қызды қайтару туралы құжат дайындалды", - деді ҰҚК жедел қызметкері.Қызды Сириядан елге әкелу жұмысы оңай болмаған. Қазақстан тарапы Түркиямен келіссөз жүргізген. Түрік тарапының көмегімен Люлю Сирия аумағынан Түркияға, одан кейін Қазақстанға жеткізілді.ҰҚК ақпаратынша, қазір бүлдіршін Астанадағы балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде.Жақын арада Люлю туыстарына беріледі.Айта кетері, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік аймақтардан кәмелетке толмаған 518 баланы, оның ішінде 34 жетім баланы отанымызға қайтарды.Адам құқықтарын қорғау мониторинг орталығының дерегінше, Сириядағы соғыста тек 2015 жылы 11 мыңнан астам бала көз жұмған.
сирия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0e/33922990_459:218:2899:2048_1920x0_80_0_0_c4cba0fcffbdc4cdd571f38c48d9fcb4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сирия, қыз, ұлттық қауіпсіздік комитеті
сирия, қыз, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Сирияда ата-анасыз жүрген: ҰҚК бұрынғы содырдың 7 жасар қызын елге қайтарды – видео
12:26 14.04.2023 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) Қыздың анасы Сирияда жарылыстан көз жұмған, ал әкесі екінші әйелімен бірге Қазақстанға қашып шыққан
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 наурызда Сириядан бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын қайтарды.
Бүлдіршінді елге қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақытқа созылған.
ҰҚК Сириядан баланы қайтару туралы "Қош келдің, Люлю!" атты деректі фильмді жариялады.
Люлю Сирияда соғыс өрті өршіп түрған уақытта дүниеге келген. Әкесі ДАИШ-тың қатарына өз еркімен қосылған. Люлю бір жасқа толғанда анасы жарылыстан көз жұмады. Ал қыздың әкесі екінші рет үйленіп, 2019 жылы жаңа отбасымен Қазақстанға қашып шығады. Ал кішкентай қыз Сирия аумағында қалып қойған.
"Біз Түркия мен Сирияның шекарасынан ресми түрде өте алмадық. Өйткені соғыс болып жатқан жер ғой, ресми түрде өткізуге мүмкіндік жоқ. Ол жерде де қазақ сақшылары болды, "проводник" дейді ғой. Ақшасын берсең, өткізіп жібереді. Проводник маған екі топқа бөліну керек деді. Бізбен бірге әйелімнің ағасының жұбайы да (есімі – Гүлназ) болған. Ағасы қайтыс болды. Террористік топтардың қолына түсіп қалмау үшін екіге бөліндік. Маған әйеліңмен бірінші болып өтесің деді, ал бала-шағам әйелімнің ағасының отбасымен бірге екінші кезекпен өтуге тиіс болған", - деп мән-жайды баяндады қазір Қазақстанда жазасын өтеп жатқан Люлюдің әкесі.
Қазақстандық әйелімен бірге шекарадан бірінші кезекпен өтіп кеткен. Алайда олардың шекарадан өткенін террористік топтар біліп қалып, жолды жауып тастаған. Сөйтіп кішкентай Люлю жеңгесімен бірге Сирияда қалып қояды. Жарты жылдан кейін ақшасы таусылған Гүлназ Люлюді Сириядағы бір әйелге тастап, өзі амалын тауып, Қазақстанға қашып кетеді.
Сириядағы лагерьлердің бірінде жетім қалған Люлюді гуманитарлық дипломатия бөлімінде істейтін ІНН өкілі Мехмет Өзкартал құтқарған.
Ол қызбен Сириядағы қақтығыс аймағында танысқан.
"Сирияда соғыс басталғаннан бері Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және гуманитарлық көмек қоры қайырымдылықпен айналысады. Люлюмен Сириядағы лагерьлердің бірінде гуманитарлық көмек көрсету кезінде кездестік. Оны ата-анасыз көргеннен кейін тиісті білім алып, отбасылық жылуды сезінсе екен деп, қордың Джераблустағы филиалына апаруға шешім қабылдадық. Әрі қарай оның отбасын іздей бастадық. Бұл шара шамамен жеті айға созылды", - дейді Өзкартал.
2022 жылы күзде Қазақстан ҰҚК-ның жедел қызметкері Анкара қаласында Адам құқықтарын қорғау ұйымының өкілдерімен кездеседі. Ресми кездесу барысында ұйым өкілдері Сириядағы лагерьлерде террористік топтардың құрамында болған содырлардың әйелдері мен балалары тұратынын екенін айтқан.
"Осыған байланысты біз түрік әріптестерімізбен бірлесіп, қыздың шашынан, ауыз қуысынан ДНҚ үлгісін алдық. Сараптама нәтижесінде Люлю біздің елде жазасын өтеп жатқан қазақстандық азаматтың қызы екені нақтыланды. Осыдан кейін елшіліктегі консулдық бөлімі арқылы қызды қайтару туралы құжат дайындалды", - деді ҰҚК жедел қызметкері.
Қызды Сириядан елге әкелу жұмысы оңай болмаған. Қазақстан тарапы Түркиямен келіссөз жүргізген. Түрік тарапының көмегімен Люлю Сирия аумағынан Түркияға, одан кейін Қазақстанға жеткізілді.
ҰҚК ақпаратынша, қазір бүлдіршін Астанадағы балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде.
Жақын арада Люлю туыстарына беріледі.
Айта кетері, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік аймақтардан кәмелетке толмаған 518 баланы, оның ішінде 34 жетім баланы отанымызға қайтарды.
Адам құқықтарын қорғау мониторинг орталығының дерегінше, Сириядағы соғыста тек 2015 жылы 11 мыңнан астам бала көз жұмған.