Экономика

Президент Ұлттық банк төрағасына ақша-кредит саясатына қатысты тапсырма берді

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ғалымжан Пірматов осы жылдың бірінші тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындысы туралы есеп берді. Экономика мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозит нарығының динамикасы, сондай-ақ біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы баяндады.
Ай сайынғы және базалық инфляцияның төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді.
"Инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қазіргі ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді", - деді Пірматов.
Ұлттық банк төрағасы президентке жедел төлемдер жүйесінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Қоғам
Тоқаев кредитке жан бағып отырғандар жайлы: салдары өте ауыр болуы мүмкін