https://sputnik.kz/20230424/prezident-ulttyq-bank-toragasyna-aqsha-kredit-sayasaty-34256817.html
Президент Ұлттық банк төрағасына ақша-кредит саясатына қатысты тапсырма берді
Президент Ұлттық банк төрағасына ақша-кредит саясатына қатысты тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T18:35+0500
2023-04-24T18:35+0500
2023-04-24T18:35+0500
экономика
президент
ұлттық банк
төраға
ақша
https://sputnik.kz/img/07e7/04/18/34250863_413:0:4054:2048_1920x0_80_0_0_5847f48729247afdb007b0bb5eab2f34.jpg
АЛМАТЫ, 24 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Ғалымжан Пірматов осы жылдың бірінші тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындысы туралы есеп берді. Экономика мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозит нарығының динамикасы, сондай-ақ біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы баяндады. Ай сайынғы және базалық инфляцияның төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді. Ұлттық банк төрағасы президентке жедел төлемдер жүйесінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20230419/toqaev-kreditke-zhan-bagyp-otyrgandar-zhayly-saldary-ote-auyr-boluy-mumkin-34075410.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/18/34250863_868:0:3599:2048_1920x0_80_0_0_fc13cc7030a95fca16651ec38b4753a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ұлттық банк, төраға, ақша
президент, ұлттық банк, төраға, ақша
Президент Ұлттық банк төрағасына ақша-кредит саясатына қатысты тапсырма берді
АЛМАТЫ, 24 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ғалымжан Пірматов осы жылдың бірінші тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындысы туралы есеп берді. Экономика мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозит нарығының динамикасы, сондай-ақ біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы баяндады.
Ай сайынғы және базалық инфляцияның төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді.
"Инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қазіргі ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді", - деді Пірматов.
Ұлттық банк төрағасы президентке жедел төлемдер жүйесінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.