https://sputnik.kz/20230419/toqaev-kreditke-zhan-bagyp-otyrgandar-zhayly-saldary-ote-auyr-boluy-mumkin-34075410.html
Тоқаев кредитке жан бағып отырғандар жайлы: салдары өте ауыр болуы мүмкін
Тоқаев кредитке жан бағып отырғандар жайлы: салдары өте ауыр болуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық банктерді несиені бизнеске көбірек беруге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 19.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-19T11:07+0500
2023-04-19T11:07+0500
2023-04-19T11:07+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
кредит
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/230/96/2309675_0:143:3135:1906_1920x0_80_0_0_bf020ef6767ef7fd1cc8436ed60ac3de.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық банктерді несиені бизнеске көбірек беруге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мемлекет басшысы инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатқанын атап өтті. "Жұрттың табысын әлеуметтік саланың шығысы есебінен арттырудың да шегі бар. Біз осы шекке жеткен сияқтымыз", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында. Бұған қоса, тұтыну несиелерінің көлемі артып барады. Айтуынша, несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Сонда жалақысы жоғары жұмыс орындары пайда болады. "Жұрттың кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы артады. Бір сөзбен айтсақ, азаматтардың табысын көбейтуге мүмкіндік туады", - деді Тоқаев. Осыған байланысты президент отандық банктерді бизнес пен инвестицияға қолайлы жағдай жасауға тарту өте маңызды екенін атап өтті. "Банк секторының ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды несиелеу бойынша мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Мен Экономиканы несиелеуді кеңейту шаралары туралы жарлық аясында тиісті тапсырма бердім", - деді ол.
https://sputnik.kz/20230419/prezident-mangystauda-zhastar-kobine-munayshy-bolgysy-keledi-34073561.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/230/96/2309675_201:0:2932:2048_1920x0_80_0_0_380da39cf4e27aa2f60d3f2f09b89121.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, кредит, қазақстандықтар
қасым-жомарт тоқаев, кредит, қазақстандықтар
Тоқаев кредитке жан бағып отырғандар жайлы: салдары өте ауыр болуы мүмкін
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық банктерді несиені бизнеске көбірек беруге шақырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатқанын атап өтті.
"Жұрттың табысын әлеуметтік саланың шығысы есебінен арттырудың да шегі бар. Біз осы шекке жеткен сияқтымыз", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұған қоса, тұтыну несиелерінің көлемі артып барады.
"Бұл әрекет – инфляция кезінде жан бағудың амалы. Бірақ мұндай ахуалдың әлеуметтік және саяси салдары өте ауыр болуы мүмкін. Тіпті, банктердің өзіне қауіп төндіруі ықтимал", - деді ол.
Айтуынша, несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Сонда жалақысы жоғары жұмыс орындары пайда болады.
"Жұрттың кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы артады. Бір сөзбен айтсақ, азаматтардың табысын көбейтуге мүмкіндік туады", - деді Тоқаев.
Осыған байланысты президент отандық банктерді бизнес пен инвестицияға қолайлы жағдай жасауға тарту өте маңызды екенін атап өтті.
"Банк секторының ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды несиелеу бойынша мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Мен Экономиканы несиелеуді кеңейту шаралары туралы жарлық аясында тиісті тапсырма бердім", - деді ол.