Екібастұзда энергетикалық торапты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Sputnik
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Екібастұзда энергетикалық торапты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл шамамен жаңа генерацияда 3 ГВт энергияны іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл туралы үкіметте өткен жиында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
"Желтоқсан айында Екібастұз ГРЭС-1-де қуаты 500 МВт болатын 1-ші энергоблок қалпына келтіріледі. Жалпы қуаты 1200 МВт-тан асатын 3 және 4 энергоблокты іске қосу арқылы ГРЭС-2-ні кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қуаты 1200 МВт болатын 5 және 6 энергоблоктардың құрылысы бойынша жоба алдындағы жұмыстар басталады", - деді энергетика министрі.
ЖЭО-ны жаңғырту аясында осы жылы ұзындығы 5,3 шақырым болатын жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ 5 су ысыту қазандығын жөндеу, ЖЭО-ның үш энергетикалық қазандығын және қосалқы жабдықтарды жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр.
Екібастұз жылу электр орталығына 2,7 млн ​​теңге айыппұл салынды