https://sputnik.kz/20230303/ekibastuz-zhylu-elektr-ortalygyna-27-mln-tenge-ayyppul-salyndy-32658037.html
Екібастұз жылу электр орталығына 2,7 млн теңге айыппұл салынды
Екібастұз жылу электр орталығына 2,7 млн теңге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу комитеті Екібастұз жылу электр орталығында жүргізілген тексерістің нәтижесін... 03.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-03T17:00+0500
2023-03-03T17:00+0500
2023-03-03T17:01+0500
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29843640_0:55:1080:663_1920x0_80_0_0_2c7c135f33a61cb9e2db7a1707504517.jpg
АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу комитеті Екібастұз жылу электр орталығында жүргізілген тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тексеріс кезінде бұзылған және мерзімі өтіп кеткен құрал-жабдықтарды пайдалану фактілері анықталды."Атап айтқанда, салыстырып тексеру аралығы бұзылғаны және салыстырып тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдары қолданылғаны анықталды. Соның ішінде техникалық манометрлер, қысым түрлендіргіштері, вольтамперфазометр мен мегаомметр сияқты құралдар бар", - дейді мамандар.Осылайша, жылу электр станциясында "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" заң бұзылған. Ол үшін 5 520 000 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.ЖЭС басшылығы заң бұзушылық жасағанын мойындады. Оған жеті тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 760 000 теңгені төлеуге рұқсат берілді. Әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді.Бұдан бөлек, комитеттің жергілікті департаменті Екібастұз ЖЭО-на қатысты заңды бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы хат жолданды.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29843640_62:0:1019:718_1920x0_80_0_0_1d02e351cb1774bf2b210aea2f0aa53c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
Екібастұз жылу электр орталығына 2,7 млн теңге айыппұл салынды
17:00 03.03.2023 (жаңартылды: 17:01 03.03.2023) АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу комитеті Екібастұз жылу электр орталығында жүргізілген тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Тексеріс кезінде бұзылған және мерзімі өтіп кеткен құрал-жабдықтарды пайдалану фактілері анықталды.
"Атап айтқанда, салыстырып тексеру аралығы бұзылғаны және салыстырып тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдары қолданылғаны анықталды. Соның ішінде техникалық манометрлер, қысым түрлендіргіштері, вольтамперфазометр мен мегаомметр сияқты құралдар бар", - дейді мамандар.
Осылайша, жылу электр станциясында "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" заң бұзылған. Ол үшін 5 520 000 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
ЖЭС басшылығы заң бұзушылық жасағанын мойындады. Оған жеті тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 760 000 теңгені төлеуге рұқсат берілді. Әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді.
Бұдан бөлек, комитеттің жергілікті департаменті Екібастұз ЖЭО-на қатысты заңды бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы хат жолданды.