https://sputnik.kz/20230424/ekibastuzda-energetikalyq-torapty-keshendi-zhangyrtu-zhumystary-zhurgiziledi-34227585.html
Екібастұзда энергетикалық торапты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
Екібастұзда энергетикалық торапты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Екібастұзда энергетикалық торапты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл шамамен жаңа генерацияда 3 ГВт энергияны іске қосуға... 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T14:16+0500
2023-04-24T14:16+0500
2023-04-24T14:16+0500
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344880_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_1f0d1246a09faac13c8ce6f0ead1309a.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Екібастұзда энергетикалық торапты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл шамамен жаңа генерацияда 3 ГВт энергияны іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл туралы үкіметте өткен жиында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді."Желтоқсан айында Екібастұз ГРЭС-1-де қуаты 500 МВт болатын 1-ші энергоблок қалпына келтіріледі. Жалпы қуаты 1200 МВт-тан асатын 3 және 4 энергоблокты іске қосу арқылы ГРЭС-2-ні кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қуаты 1200 МВт болатын 5 және 6 энергоблоктардың құрылысы бойынша жоба алдындағы жұмыстар басталады", - деді энергетика министрі.ЖЭО-ны жаңғырту аясында осы жылы ұзындығы 5,3 шақырым болатын жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр.Сондай-ақ 5 су ысыту қазандығын жөндеу, ЖЭО-ның үш энергетикалық қазандығын және қосалқы жабдықтарды жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20230303/ekibastuz-zhylu-elektr-ortalygyna-27-mln-tenge-ayyppul-salyndy-32658037.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344880_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_753c3a4d8cc579933e5e682169a0fb30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
Екібастұзда энергетикалық торапты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Екібастұзда энергетикалық торапты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл шамамен жаңа генерацияда 3 ГВт энергияны іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл туралы үкіметте өткен жиында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
"Желтоқсан айында Екібастұз ГРЭС-1-де қуаты 500 МВт болатын 1-ші энергоблок қалпына келтіріледі. Жалпы қуаты 1200 МВт-тан асатын 3 және 4 энергоблокты іске қосу арқылы ГРЭС-2-ні кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қуаты 1200 МВт болатын 5 және 6 энергоблоктардың құрылысы бойынша жоба алдындағы жұмыстар басталады", - деді энергетика министрі.
ЖЭО-ны жаңғырту аясында осы жылы ұзындығы 5,3 шақырым болатын жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ 5 су ысыту қазандығын жөндеу, ЖЭО-ның үш энергетикалық қазандығын және қосалқы жабдықтарды жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр.