Өңірлер

Жамбыл облысында ауыл тұрғындары қоқыс полигонын көшіруді талап етті

Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Құлан ауылының тұрғындары қоқыс полигонын көшіруді талап етті, деп хабарлайды "Хабар 24".
Аумағы 5 гектарды құрайтын қоқыс тастайтын полигон елді мекеннен небәрі екі шақырым жерде орналасқан және бұл көптеген қолайсыздық туғызып отыр. Қоқысты өртеу кезінде адамдар түтін иісінен, ал жел кезінде жайылымға шашылған полиэтилен пакеттерден зардап шегеді.
Соның салдарынан халық қалдықтар арасында мал жаюға мәжбүр. Жергілікті билік қоқысқа арналған аумақты басқа жерге көшіруге уәде берді. Полигонға арналған орын ауылдан бес шақырым жерде орналасады. Қазіргі таңда жерді заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Полигонға бәрін, тіпті мал өлексесін де әкеледі. Бұл полигонды жауып, ауылдан алысқа көшіру керек. Өйткені бұл біздің денсаулығымызға, жалпы экологияға кері әсер етеді", - дейді Құлан ауылының тұрғыны Теңгегүл Әзімбаева.

"Жаңа полигонның жер телімін заңдастыруды аудандық жер қатынастары бөлімі жүргізіп жатыр. Көлемі шамамен 5 гектарға жуық. Заңдастыру жұмыстары аяқталған соң біздің бөлім аталған жер телімінің жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, одан кейін құрылыс жұмыстарын жүргіземіз", - деді Тұрар Рысқұлов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қабілет Әбдірахманов.
Қазақстанның алты қаласында қоқыс өртейтін зауыттар салына ма