https://sputnik.kz/20230423/zhambyl-oblysynda-auyl-turgyndary-qoqys-poligonyn-koshirudi-talap-etti-34219382.html
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары қоқыс полигонын көшіруді талап етті
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары қоқыс полигонын көшіруді талап етті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Құлан ауылының тұрғындары қоқыс полигонын көшіруді талап етті, деп хабарлайды "Хабар 24". 23.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-23T16:49+0500
2023-04-23T16:49+0500
2023-04-23T16:49+0500
өңірлер
жамбыл облысы
қоқыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/17/34218260_103:0:1097:559_1920x0_80_0_0_520e101d2a977e3a55a6c6752c953e04.png
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Құлан ауылының тұрғындары қоқыс полигонын көшіруді талап етті, деп хабарлайды "Хабар 24". Аумағы 5 гектарды құрайтын қоқыс тастайтын полигон елді мекеннен небәрі екі шақырым жерде орналасқан және бұл көптеген қолайсыздық туғызып отыр. Қоқысты өртеу кезінде адамдар түтін иісінен, ал жел кезінде жайылымға шашылған полиэтилен пакеттерден зардап шегеді. Соның салдарынан халық қалдықтар арасында мал жаюға мәжбүр. Жергілікті билік қоқысқа арналған аумақты басқа жерге көшіруге уәде берді. Полигонға арналған орын ауылдан бес шақырым жерде орналасады. Қазіргі таңда жерді заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Жаңа полигонның жер телімін заңдастыруды аудандық жер қатынастары бөлімі жүргізіп жатыр. Көлемі шамамен 5 гектарға жуық. Заңдастыру жұмыстары аяқталған соң біздің бөлім аталған жер телімінің жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, одан кейін құрылыс жұмыстарын жүргіземіз", - деді Тұрар Рысқұлов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қабілет Әбдірахманов.
https://sputnik.kz/20230413/qazaqstannyn-alty-qalasynda-qoqys-orteytin-zauyttar-salyna-ma-33886774.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/17/34218260_228:0:973:559_1920x0_80_0_0_8495d64664cda1212129445bde03a3b5.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, қоқыс
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары қоқыс полигонын көшіруді талап етті
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Құлан ауылының тұрғындары қоқыс полигонын көшіруді талап етті, деп хабарлайды "
Хабар 24".
Аумағы 5 гектарды құрайтын қоқыс тастайтын полигон елді мекеннен небәрі екі шақырым жерде орналасқан және бұл көптеген қолайсыздық туғызып отыр. Қоқысты өртеу кезінде адамдар түтін иісінен, ал жел кезінде жайылымға шашылған полиэтилен пакеттерден зардап шегеді.
Соның салдарынан халық қалдықтар арасында мал жаюға мәжбүр. Жергілікті билік қоқысқа арналған аумақты басқа жерге көшіруге уәде берді. Полигонға арналған орын ауылдан бес шақырым жерде орналасады. Қазіргі таңда жерді заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Полигонға бәрін, тіпті мал өлексесін де әкеледі. Бұл полигонды жауып, ауылдан алысқа көшіру керек. Өйткені бұл біздің денсаулығымызға, жалпы экологияға кері әсер етеді", - дейді Құлан ауылының тұрғыны Теңгегүл Әзімбаева.
"Жаңа полигонның жер телімін заңдастыруды аудандық жер қатынастары бөлімі жүргізіп жатыр. Көлемі шамамен 5 гектарға жуық. Заңдастыру жұмыстары аяқталған соң біздің бөлім аталған жер телімінің жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, одан кейін құрылыс жұмыстарын жүргіземіз", - деді Тұрар Рысқұлов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қабілет Әбдірахманов.