АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында үш жасар баланы ұрып өлтірген күтуші қызға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға былтыр қыркүйек айында болды. Үш жасар бала інісімен бірге күтушінің үйінде қалған. Анасының айтуынша, 12 қыркүйек күні күтуші телефон шалып, баланың өзін жайсыз сезініп жүргенін айтқан. Кейін баланы есінен танып қалған күйінде алып кеткен, денесі көгеріп қалған. Бала шұғыл ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер дене жарақаттарын анықтады, баланы бастан ұрған.
Осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны ұсталды. Ол баланың күтушісі болған. Полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3 бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер") іс қозғады.
Жетісу облыстық соты оқиғаның мән-жайын жариялаған жоқ. Себебі қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Айыпталушы бұған дейін істі болмаған. Сондай-ақ, өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін жеткізді.
"Жазаны ауырлатынын мән-жайлар анықталған жоқ. Жәбірленуші оны кешірді. Осыны ескере отырып, сот оны 10 жылға бас бостандығынын айыруға шешім шығарды", - делінген ресми хабарламада.
Сотталушы өз жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейді.