https://sputnik.kz/20230415/ush-zhasar-balany-oltirgen-kutushi-qyzga-qatysty-sot-ukimi-shyqty-33960718.html
Үш жасар баланы өлтірген күтуші қызға қатысты сот үкімі шықты
Үш жасар баланы өлтірген күтуші қызға қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында үш жасар баланы ұрып өлтірген күтуші қызға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 15.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-15T14:40+0500
2023-04-15T14:40+0500
2023-04-15T14:40+0500
талдықорған
сот
күтуші
бала
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында үш жасар баланы ұрып өлтірген күтуші қызға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл оқиға былтыр қыркүйек айында болды. Үш жасар бала інісімен бірге күтушінің үйінде қалған. Анасының айтуынша, 12 қыркүйек күні күтуші телефон шалып, баланың өзін жайсыз сезініп жүргенін айтқан. Кейін баланы есінен танып қалған күйінде алып кеткен, денесі көгеріп қалған. Бала шұғыл ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер дене жарақаттарын анықтады, баланы бастан ұрған. Осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны ұсталды. Ол баланың күтушісі болған. Полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3 бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер") іс қозғады. Жетісу облыстық соты оқиғаның мән-жайын жариялаған жоқ. Себебі қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Айыпталушы бұған дейін істі болмаған. Сондай-ақ, өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін жеткізді. "Жазаны ауырлатынын мән-жайлар анықталған жоқ. Жәбірленуші оны кешірді. Осыны ескере отырып, сот оны 10 жылға бас бостандығынын айыруға шешім шығарды", - делінген ресми хабарламада. Сотталушы өз жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейді.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, сот, күтуші, бала
талдықорған, сот, күтуші, бала
Үш жасар баланы өлтірген күтуші қызға қатысты сот үкімі шықты
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында үш жасар баланы ұрып өлтірген күтуші қызға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл оқиға былтыр қыркүйек айында
болды. Үш жасар бала інісімен бірге күтушінің үйінде қалған. Анасының айтуынша, 12 қыркүйек күні күтуші телефон шалып, баланың өзін жайсыз сезініп жүргенін айтқан. Кейін баланы есінен танып қалған күйінде алып кеткен, денесі көгеріп қалған. Бала шұғыл ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер дене жарақаттарын анықтады, баланы бастан ұрған.
Осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны ұсталды. Ол баланың күтушісі болған. Полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3 бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер") іс қозғады.
Жетісу облыстық соты оқиғаның мән-жайын жариялаған жоқ. Себебі қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Айыпталушы бұған дейін істі болмаған. Сондай-ақ, өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін жеткізді.
"Жазаны ауырлатынын мән-жайлар анықталған жоқ. Жәбірленуші оны кешірді. Осыны ескере отырып, сот оны 10 жылға бас бостандығынын айыруға шешім шығарды", - делінген ресми хабарламада.
Сотталушы өз жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейді.