Өңірлер

Талдықорғанда күтуші 3 жасар ұлды ұрды - бала көз жұмды

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған қаласында 3 жасар баланы өлтірді деген күдікпен жас қыз ұсталды.
Жергілікті блогер таратқан ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған ұлдың анасы бірнеше баласын күтушіге қалдырып жүрген. Соңғы рет бір баласын есінен танып қалған күйінде алып кеткен, денесі көгерген. Оны шұғыл ауруханаға жеткізген. Бірақ бала көз жұмды. Жетісу облыстық полициясы осы ақпаратты растады.
12 қыркүйекте Талдықорған қаласындағы ауруханада 3 жасар бала қайтыс болды. Дәрігерлер дене жарақаттарын анықтады, оны бастан ұрған. Осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол балаға қарап жүрген.
Қазіргі кезде жас қыз қамауға алынды. Бірақ артынан қалалық сот оны үйқамаққа алуға шешім шығарған.
Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3 бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ножка младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Қоғам
Ақтөбеде бес айлық баланы далада қалдырып кеткен мас анаға қатысты шешім шығарылды
Жаңалықтар
0