ПАВЛОДАР, 11 сәуір – Sputnik. Екібастұз тұрғындары есептелген жылумен жабдықтау ақысының 30 пайызын ғана төлейді, деп хабарлады жылу берушілер.
"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС 2023 жылдың наурыз айы үшін Екібастұз қаласының тұрғындарын жылумен жабдықтау қызметіне есептелген нақты төлемнің 70%-ы есептен шығарылғанын хабарлайды", - делінген жылумен қамту ұйымының ақпаратында.
Сонымен бірге қазір мамандар қаланың магистральді және орамішілік желілерінде температуралық параметрлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны аталып өтті.
Жылу энергиясы бойынша мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылардың барлығына өсімпұл есептелмейді.
Екібастұз қаласында жылу желілеріндегі апатқа байланысты осы жылдың 28 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында жергілікті ауқымда техногендік төтенше жағдай режимі әрекет етті.