Екібастұзда үйлер тағы суып кетті – жылу орталығында жөндеу басталды

Ситуация в Экибастузе
Ситуация в Экибастузе - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Екібастұз қаласының тұрғындары батареялардың тағы суып кеткеніне шағымданып отыр. Ал жылу электр орталығының әкімшілігі жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.
"ЖЭО-тан шығатын судың температурасы 46 градусты құрап отыр", - дейді "Екібастұзжылуэнерго" компаниясының мамандары.
Қазіргі кезде станцияда төрт қазандық істеп тұр. 24 сағаттың ішінде тағы екі қазандықты іске қосу жоспарланып отыр. Осының арқасында температуралық көрсеткіштер 65 градустан артық болуы керек.
"Дүйсенбі күні жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 12 қазандық іске қосылады деген жоспар бар", - делінген ресми хабараламада.
Айта кетері, 2022 жылы 27 қараша күні Екібастұзда 30 градустық аяз кезінде коммуналдық апат болды. Мыңдаған адам жылусыз қалды. 28 қарашада қалада төтенше жағдай енгізілді. Артынан қазандықтар іске қосылса да, үйлерге жылу бармады. Себебі құбырлар қатып қалды, пәтерлерде батареялар жарылды.
Жақында Екібастұз жылу электр орталығында екі қазандықтың жұмысы тоқтатылды. Тексеріс кезінде бұзылған және мерзімі өтіп кеткен құрал-жабдықтарды пайдалану фактілері анықталды. ЖЭО әкімшілігіне айыппұл салынды.
Жаңалықтар
0