https://sputnik.kz/20230411/ekibastuzdyqtar-nauryz-ayy-ushin-zhylu-aqysynyn-30-payyzyn-gana-toleydi-33774818.html
Екібастұздықтар наурыз айы үшін жылу ақысының 30 пайызын ғана төлейді
Екібастұздықтар наурыз айы үшін жылу ақысының 30 пайызын ғана төлейді
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар борышкерлерге өсімпұл есептелмейді 11.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-11T07:56+0500
2023-04-11T07:56+0500
2023-04-11T07:56+0500
екібастұз
жылу
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32349122_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_7f2ac5aa2a12e04b9bfe810903385375.jpg
ПАВЛОДАР, 11 сәуір – Sputnik. Екібастұз тұрғындары есептелген жылумен жабдықтау ақысының 30 пайызын ғана төлейді, деп хабарлады жылу берушілер."Екібастұзжылуэнерго" ЖШС 2023 жылдың наурыз айы үшін Екібастұз қаласының тұрғындарын жылумен жабдықтау қызметіне есептелген нақты төлемнің 70%-ы есептен шығарылғанын хабарлайды", - делінген жылумен қамту ұйымының ақпаратында.Сонымен бірге қазір мамандар қаланың магистральді және орамішілік желілерінде температуралық параметрлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны аталып өтті.Жылу энергиясы бойынша мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылардың барлығына өсімпұл есептелмейді.Екібастұз қаласында жылу желілеріндегі апатқа байланысты осы жылдың 28 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында жергілікті ауқымда техногендік төтенше жағдай режимі әрекет етті.
https://sputnik.kz/20230305/ekibastuzda-uyler-tagy-suyp-ketti--zhylu-ortalygynda-zhondeu-bastaldy-32676442.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32349122_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_e9bb9772892b0a96d2c47bd0aba8c201.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жылу
Екібастұздықтар наурыз айы үшін жылу ақысының 30 пайызын ғана төлейді
Сонымен қатар борышкерлерге өсімпұл есептелмейді
ПАВЛОДАР, 11 сәуір – Sputnik. Екібастұз тұрғындары есептелген жылумен жабдықтау ақысының 30 пайызын ғана төлейді, деп хабарлады жылу берушілер.
"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС 2023 жылдың наурыз айы үшін Екібастұз қаласының тұрғындарын жылумен жабдықтау қызметіне есептелген нақты төлемнің 70%-ы есептен шығарылғанын хабарлайды", - делінген жылумен қамту ұйымының ақпаратында.
Сонымен бірге қазір мамандар қаланың магистральді және орамішілік желілерінде температуралық параметрлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны аталып өтті.
Жылу энергиясы бойынша мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылардың барлығына өсімпұл есептелмейді.
Екібастұз қаласында жылу желілеріндегі апатқа байланысты осы жылдың 28 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында жергілікті ауқымда техногендік төтенше жағдай режимі әрекет етті.