АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Түркістан облысы Арыс-Түркістан суармалы каналына құлап кеткен 11 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар қыздың денесін сағат 10:10-да тапты. Қыз құлаған жерден 11 км жерге ағып кеткен.
Еске сала кетейік, 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.
Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 112 жеке құрам, 1 квадрокоптер, 7 бірлік техника және жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір, 2 жүзу қайығы, 1 бірлік техника,
Полиция департаментінен 20 адам, 4 бірлік техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Күні кеше Інжу Ескерместің жоғалар алдында құрбысымен жүрген видеосы табылған еді.
Видеодаол құрбысымен бірге жолдың бойымен кетіп бара жатыр. Одан кейінгі кадрда құрбысы кері қарай жүгіріп барады.