Түркістан облысында каналға құлап кеткен жеткіншектің мәйіті табылды

архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Түркістан облысы Арыс-Түркістан суармалы каналына құлап кеткен 11 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар қыздың денесін сағат 10:10-да тапты. Қыз құлаған жерден 11 км жерге ағып кеткен.
Еске сала кетейік, 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.
Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 112 жеке құрам, 1 квадрокоптер, 7 бірлік техника және жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір, 2 жүзу қайығы, 1 бірлік техника,
Полиция департаментінен 20 адам, 4 бірлік техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Күні кеше Інжу Ескерместің жоғалар алдында құрбысымен жүрген видеосы табылған еді.
Видеодаол құрбысымен бірге жолдың бойымен кетіп бара жатыр. Одан кейінгі кадрда құрбысы кері қарай жүгіріп барады.
Жаңалықтар
0