Түркістанда жоғалған қыздың видеосы жарияланды – оның жанында құрбысы болған

архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Түркістан қаласында жоғалған 11 жастағы қыз құрбысымен бірге видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Видеода Інжу Ескермес құрбысымен бірге жолдың бойымен кетіп бара жатыр. Одан кейінгі кадрда құрбысы кері қарай жүгіріп барады.
"Жедел басқару орталығына қосылған бейнежазбаларды зерделеу барысында Інжудің аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды. Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу арқылы, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғаны, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғаны анықталды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде полицейлер жаңа мәліметтің негізінде қайта жоспар құрып, іздеу жұмыстарына құтқарушылар тартылды. Айта кетері, Інжу 25 наурыз күні сағат 17:00-дің шамасында үйден ойнауға шыққан. Бірақ қайтып келмеді.
Жаңалықтар
0