Өңірлер

Түркістанда оқушы қызды іздестіріп жатыр

© Photo : Polisia.kzТүркістанда оқушы қыз жоғалып кетті
Түркістанда оқушы қыз жоғалып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Түркістанда 11 жастағы қызды іздестіру шаралары басталды. Оған тәжірибелі полицейлер тартылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
© Photo : Polisia.kzТүркістанда оқушы қыз жоғалып кетті
Пропавшую девочку ищут в Туркестане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2023
Түркістанда оқушы қыз жоғалып кетті
Анасының айтуынша, Інжу 25 наурыз күні сағат 17:00-дің шамасында үйден ойнауға шыққан. Бірақ қайтып келмеді. Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қыз туралы ақпарат пен суреті барлық полиция бөліміне жіберілді.
Полицейлер жасөспірімнің баруы мүмкін жерлерді мұқият тексеріп, оның таныстарымен сөйлесті. Сондай-ақ, ойын-сауық орындары мен саябақтарды тексеріп жатыр.
© Photo : Polisia.kzІнжу 2012 жылы туған
Пропавшую девочку ищут в Туркестане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2023
Інжу 2012 жылы туған
Інжу 2012 жылы туған. Бойы 130-135 см, шашы ұзын қара-қоңыр түсті. Үстінде жейде, қара джинса шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқкиім болған.
Полицейлер жасөспірімді көрген адамдарды 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабар беруді сұрайды.
Жаңалықтар
0