Меккеге бара жатқан автобус апатқа ұшырады: 20 адам қаза тапты

Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Меккеге барар жолда ірі жол апаты болды. Автобустың 20 жолаушысы қаза тапты, тағы 29-ы жарақат алды, деп хабарлады 24.kz.
Оқиға Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Асир провинциясында болды. Автобус Асир провинциясынан Меккеге бара жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша апат тежегіш жүйесінің істен шығуы салдарынан болған. Автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Өңірлер
Меккеге барғысы келген түркістандықтар 11 млн теңгесінен айырылып қалды