Меккеге бара жатқан автобус апатқа ұшырады: 20 адам қаза тапты

© AFP 2024Сауд Арабиясы
Сауд Арабиясы   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Меккеге барар жолда ірі жол апаты болды. Автобустың 20 жолаушысы қаза тапты, тағы 29-ы жарақат алды, деп хабарлады 24.kz.
Оқиға Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Асир провинциясында болды. Автобус Асир провинциясынан Меккеге бара жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша апат тежегіш жүйесінің істен шығуы салдарынан болған. Автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Өңірлер
Меккеге барғысы келген түркістандықтар 11 млн теңгесінен айырылып қалды
Жаңалықтар
0