Сайлаушылардың 54%-і таңдауын жасады – бес өңірде дауыс беру жалғасып жатыр

Республиканың он бес өңірінде дауыс беру аяқталды, қалған бес өңірде сайлау учаскелері Астана уақытымен тоғызда жабылады
Sputnik
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 20.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге келген сайлаушылар санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09%-і немесе 6 509 695 азамат бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
Ең көп дауыс бергендер – Қызылорда, Қостанай, СҚО, Жамбыл облыстарында. Бұл өңірлердің сайлаушылардың 65 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Алматы тұрғындарының белсенділігі төмен болды – 25,82%. Астана мен Шымкент қалаларында да дауыс бергендер саны елу процентке жетпеді.
Қазақстанның он бес өңірінде Астана уақытымен сағат 20.00-де сайлау учаскелері жабылды. Қазір дауыстарды санау жұмысы жүріп жатыр. Қалған бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағаттан кейін аяқталады.
Қазақстан халқы үшін бүгін тарихи күн болды. Азаматтар мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлады.
Айта кетері, биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтті. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізіммен, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Депутат мандатына 7 саяси партия таласады.
Бұдан бөлек, сайлаушыларға бюллетеньде "Бәрімін қарсымын" тармағын таңдау мүмкіндігі берілді.
Еліміздің басым бөлігінде сайлау учаскелері жабылды