https://sputnik.kz/20230319/saylaushylardyn-54-i-dauys-berdi-33110176.html
Сайлаушылардың 54%-і таңдауын жасады – бес өңірде дауыс беру жалғасып жатыр
Сайлаушылардың 54%-і таңдауын жасады – бес өңірде дауыс беру жалғасып жатыр
Sputnik Қазақстан
Республиканың он бес өңірінде дауыс беру аяқталды, қалған бес өңірде сайлау учаскелері Астана уақытымен тоғызда жабылады 19.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-19T19:29+0500
2023-03-19T19:29+0500
2023-03-19T19:33+0500
мәжіліс сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/15/29599576_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_eaa9f87654a92caf0257574b67683c25.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 20.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге келген сайлаушылар санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ең көп дауыс бергендер – Қызылорда, Қостанай, СҚО, Жамбыл облыстарында. Бұл өңірлердің сайлаушылардың 65 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Алматы тұрғындарының белсенділігі төмен болды – 25,82%. Астана мен Шымкент қалаларында да дауыс бергендер саны елу процентке жетпеді.Қазақстанның он бес өңірінде Астана уақытымен сағат 20.00-де сайлау учаскелері жабылды. Қазір дауыстарды санау жұмысы жүріп жатыр. Қалған бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағаттан кейін аяқталады.Қазақстан халқы үшін бүгін тарихи күн болды. Азаматтар мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлады.Айта кетері, биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтті. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізіммен, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Депутат мандатына 7 саяси партия таласады.Бұдан бөлек, сайлаушыларға бюллетеньде "Бәрімін қарсымын" тармағын таңдау мүмкіндігі берілді.
https://sputnik.kz/20230319/elimizdin-basym-boliginde-saylau-uchaskeleri-zhabyldy-33109350.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/15/29599576_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_861be686c70e1df56b0b3d4a21de2a0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы
Сайлаушылардың 54%-і таңдауын жасады – бес өңірде дауыс беру жалғасып жатыр
19:29 19.03.2023 (жаңартылды: 19:33 19.03.2023) Республиканың он бес өңірінде дауыс беру аяқталды, қалған бес өңірде сайлау учаскелері Астана уақытымен тоғызда жабылады
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 20.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге келген сайлаушылар санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09%-і немесе 6 509 695 азамат бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
Ең көп дауыс бергендер – Қызылорда, Қостанай, СҚО, Жамбыл облыстарында. Бұл өңірлердің сайлаушылардың 65 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Алматы тұрғындарының белсенділігі төмен болды – 25,82%. Астана мен Шымкент қалаларында да дауыс бергендер саны елу процентке жетпеді.
Қазақстанның он бес өңірінде Астана уақытымен сағат 20.00-де сайлау учаскелері жабылды. Қазір дауыстарды санау жұмысы жүріп жатыр. Қалған бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағаттан кейін аяқталады.
Қазақстан халқы үшін бүгін тарихи күн болды. Азаматтар мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлады.
Айта кетері, биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтті. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізіммен, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Депутат мандатына 7 саяси партия таласады.
Бұдан бөлек, сайлаушыларға бюллетеньде "Бәрімін қарсымын" тармағын таңдау мүмкіндігі берілді.