Еліміздің басым бөлігінде сайлау учаскелері жабылды

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматы қаласындағы сайлау учаскесі
Алматы қаласындағы сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанның он бес өңірінде Астана уақытымен сағат 20.00-де сайлау учаскелері жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қалған бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағаттан кейін аяқталады.
Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,11%-і дауыс берді. Қазір Орталық сайлау комиссиясы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша ақпаратты дайындап жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шет елдерде ашылған 77 сайлау учаскесінің 11-і жұмысын аяқтаған. Он екі мыңнан астам қазақстандықтың бес мыңы өз таңдауын жасап үлгерді. Шетелде дауыс беру Сан-Францискода ертең, 20 наурыз сағат 09.00-де аяқталады.
Бүгін, 19 наурыз мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Ел халқы таңғы жетіден кешкі сегізге дейін өз үміткерлеріне дауыс берді.
Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді.
Роман Василенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Шетелде жүрген 5 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді
Жаңалықтар
0