Шетелде жүрген 5 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді

© Sputnik / Абзал КалиевРоман Василенко
Роман Василенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шетелде қазақстандық сайлаушылар қалай дауыс беріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
66 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі ашылған.
"Қазіргі жағдай бойынша 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. Олар Сеул, Токио, Бейжің, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой қалаларында. Әзірге 5071 Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл сайлаушылардың 41,8 пайызын құрайды", - деді Василенко Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста.
Айтуынша, 66 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр.
Шетелде дауыс беру Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде 20 наурыз сағат 09.00-де аяқталады.
Шетелдегі сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізіміне барлығы 12 016 адам енгізілген.
Айта кетері, бүгін қазақстандықтар мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлап жатыр.
Елорданың сайлау учаскесіндегі жағдай. Парламент сайлауы, 2023 жылғы 19 наурыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Сағат 18.00-дегі мәлімет: сайлаушылардың 53 пайызы өз таңдауын жасады
Жаңалықтар
0