Сағат 18.00-дегі мәлімет: сайлаушылардың 53 пайызы өз таңдауын жасады

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорданың сайлау учаскесіндегі жағдай. Парламент сайлауы, 2023 жылғы 19 наурыз
Елорданың сайлау учаскесіндегі жағдай. Парламент сайлауы, 2023 жылғы 19 наурыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 18.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың қанша пайызы дауыс бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11%-і немесе 6 390 046 азамат бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Оның ішінде:
1.
Абай облысы бойынша – 56,14%
2.
Ақмола облысы бойынша – 59,49%
3.
Ақтөбе облысы бойынша –56,88%
4.
Алматы облысы бойынша – 59,74%
5.
Атырау облысы бойынша – 49,19%
6.
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,81%
7.
Жамбыл облысы бойынша – 65,00%
8.
Жетісу облысы бойынша – 55,07%
9.
Қарағанды облысы бойынша – 58,85%
10.
Қостанай облысы бойынша – 65,00%
11.
Қызылорда облысы бойынша – 65,70%
12.
Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%
13.
Павлодар облысы бойынша – 58,61%
14.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 64,46%
15.
Түркістан облысы бойынша – 51,07%
16.
Ұлытау облысы бойынша – 58,63%
17.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,63%
18.
Астана қаласы бойынша – 40,94%
19.
Алматы қаласы бойынша – 22,95%
20.
Шымкент қаласы бойынша – 43,89%.
Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге екі сағат уақыт қалды. Сайлау учаскелері елорда уақытымен 20.00-де жабылады.
Республика бойынша барлығы 10 223 сайлау учаскесі құрылған, соның ішінде 77-сі 62 шет мемлекетте орналасқан. Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 млн 32 мың 550 қазақстандық енгізілген.
Биылғы парламент сайлауында халық тек саяси партияларға ғана емес, бір мандатты округтер бойынша түсетін нақты кандидаттарға да дауыс береді.
Жаңалықтар
0