АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте WTA-1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында Australian open 2020 чемпионы, америкалық Софья Кенинмен кездесті.
Рыбакина Кенинді 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.
Айта кетері, Индиан-Уэллстегі сайыстың жалпы жүлде қоры 8 800 000 долларды құрайды. Турнир 19 наурызға дейін жалғасады.