Спорт

Рыбакина Дубайдағы турнирдің үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
Келесі айналымда Елена Рыбакина АҚШ спортшысы Кори Гауффпен кездеседі
АСТАНА, 22 ақпан - Sputnik. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өткен WTA-1000 турнирінде чехиялық Мари Буузковадан басым түсті.
Кездесу "Dubai Duty Free Tennis Center" орталық кортында өтті.
Рыбакина 7:5, 6:2 есебімен қарсыласынан басым түсті. Матч 1 сағат 44 минутқа созылды. Жеке кездесулердегі есеп Еленаның пайдасына шешіліп, 4:0 болды.
Келесі айналымда Елена Рыбакина Беларусь теннисшісі Александра Сасновичті жеңген АҚШ өкілі Кори Гауффпен кездеседі.
Айта кетері, тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева екінші айналымда екі "Үлкен дулыға" турнирінің жекелей сында жеңімпазы чехиялық Петра Квитовадан 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Елена Рыбакина салық төлемейді және Қазақстан бюджетінен сыйақы алмайды
Жаңалықтар
0