Елена Рыбакина салық төлемейді және Қазақстан бюджетінен сыйақы алмайды

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
Әлеуметтік желіде чемпионның жүлдеден қай елге салық төлейтіні туралы дау туды
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты.
Федерация халықаралық турнирдегі тарихи жеңісі үшін чемпионға сыйлық беруді жоспарлаған.
"Біз Еленаны қаржылай ынталандырғымыз келген, бірақ ол бас тартты. Оның үстіне ол жүлдесінің бір бөлігін Қазақстанда юниорларды қолдауға және қайырымдылыққа жұмсағысы келеді", - деп хабарлады теннис федерациясы.
Сонымен қатар Рыбакина өткен турнирдің жүлдесі үшін салықты Қазақстанда емес, Ұлыбританияда төлейтіні хабарланды.
"Елена Рыбакина жүлденің табыс салығын үдемелі шкала бойынша есептелген мөлшерлемеге сәйкес Ұлыбританияда төлейді. Нақты сома осы төлем жасалғаннан кейін белгілі болады. Есептеу кезінде Елена жұмсаған шығындар ескеріледі, қазіргі уақытта біз Ұлыбритания үкіметі шығыс бөлігін негіздеу ретінде қандай түпкілікті соманы белгілейтінін және салықтың түпкілікті сомасы қандай болатынын білмейміз", - деді федерация вице-президенті Юрий Полский.
Қазақстан мен Ұлыбритания қол қойған қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға сәйкес Қазақстанда жүлдеден салық алынбайды.
Қазақстанның спорт және дене шынықтыру комитеті Уимблдон турнирі коммерциялық шара болғандықтан, спортшының мемлекеттен ақшалай сыйақы алуға құқығы жоқ екенін хабарлады.
"Халықаралық жарыстардың чемпиондарын, жүлдегерлерін, сондай-ақ жаттықтырушыларды ақшалай ынталандыру үкіметтің 2007 жылғы 28 наурыздағы 152 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Ал Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, тиісінше, республикалық бюджеттен ақшалай сыйақы қарастырылмаған", - деп мәлімдеді комитеттегілер.
Еске сала кетейік, сенбі, 9 шілдеде Рыбакина әйелдер арасындағы Уимблдонның жеңімпазы атанды. Осы жеңісінің арқасында ол миллиард теңгеден астам табыс тапты, Қазақстан президенті теннисшіге құттықтау хат жолдады.
Жаңалықтар
0