Спорт

Рыбакина "Мастерс" турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2023
Жазылу
Келесі айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы Нурия Парризас-Диас — Паула Бадоса жұбының жеңімпазымен ойнайды
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте WTA-1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында Australian open 2020 чемпионы, америкалық Софья Кенинмен кездесті.
Рыбакина Кенинді 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.
Айта кетері, Индиан-Уэллстегі сайыстың жалпы жүлде қоры 8 800 000 долларды құрайды. Турнир 19 наурызға дейін жалғасады.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Спорт
Рыбакина Дубайдағы турнирдің үшінші айналымына өтті
Жаңалықтар
0